Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: сот үкімді өзгерткен жоқ
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 17:20
- 15
Алматы қалалық соты биыл наурызда Әл-Фараби даңғылында болған адам өліміне әкелген жол апатына қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағымды қарап, өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлавйды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы үкімді және жәбірленуші тараптың шағымын қанағаттандырмады.
Іс материалдарына сәйкес, апелляциялық шағымды жол апатынан қаза тапқан жолаушылардың бірінің әкесі берген. Ол азаматтық талап бөлігін қайта қарап, сотталған азаматтан моральдық шығын ретінде 100 миллион теңге өндіруді сұраған.
Өз кезегінде сотталған азаматтың адвокаты апелляциялық шағымға қарсылық білдірген.
Апелляциялық алқа істі қарап, Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының үкімін өзгеріссіз қалдыру, ал жәбірленуші мен оның адвокатының апелляциялық шағымын қанағаттандырмау туралы шешім қабылдады.



