Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Депозит сыйақысына 5 пайыз салық салына ма?: министрлік мәлімдеме жасады

Депозит сыйақысына 5 пайыз салық салына ма?: министрлік мәлімдеме жасады
Сурет: depositphotos.com
Ұлттық экономика министрлігі әлеуметтік желілерде тарап жатқан банк депозиттері бойынша сыйақыларға 5 пайыздық салық енгізу туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

Ведомство мәліметінше, бұл мәлімет шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ұлттық экономика министрлігі Салық кодексінің 430-бабына сәйкес, жеке тұлғаларға олардың банктердегі салымдары (депозиттері) бойынша төленетін сыйақыларға жеке табыс салығы салынбайтынын еске салды.

"Үкімет бұл норманың күшін жою және депозит сыйақыларына салық енгізу мәселесін қарастырып жатқан жоқ", - деп толықтырды министрліктегілер.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар