Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қызылордада жаттықтырушы жасөспірімді зорлады: іске қатысты жаңа деректер шықты

Қызылордада жаттықтырушы жасөспірімді зорлады: іске қатысты жаңа деректер шықты
Сурет: centralmedia24.kz
Қызылорда облысының прокуратурасы жасөспірімді зорлады деп күдікке ілінген жаттықтырушының 2024 жылы жұмыстан шығарылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Ведомство мәліметінше, ол қызметінен былтыр қыркүйекте босатылған, деп хабарлайды KYN.KZ  ақпарат агенттігі Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Күдікті Тереңөзек ауылының тұрғыны. Ол жұмысынан 2025 жылы 18 қыркүйекте шеттетілген.

“Күдікті Қызылорда облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты “Қайсар” ойын спорт түрлері клубына 2023 жылы 4 қаңтардағы бұйрықпен жаттықтырушы болып қабылданған. Ал 2025 жылы 18 қыркүйекте қызметінен босатылған. Оның 2024 жылы жұмыстан шығарылғаны туралы мәлімдеме негізсіз”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Тергеу органы Қылмыстық-процестік кодекстің 200-бабы (Қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсыну) негізінде Қызылорда облысының әкімдігіне ұсыныс енгізген. Прокуратура істің заңдылығы мен тергеудің объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында оны ерекше бақылауға алғанын хабарлады.

Сонымен қатар ведомство кәмелетке толмаған жәбірленушінің отбасы мүшелеріне қатысты істің мән-жайын да түсіндірді.

“Тергеу барысында кәмелетке толмаған жәбірленушінің отбасы мүшелері күдіктілерді күштеп алып кетіп, қорлағаны және ұрып-соққаны анықталды. Осыған байланысты Қызылорда облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 389-бабының 3-бөлігі (Өзiнше билiк ету) және 125-бабының 2-бөлігінің 1, 3-тармақтары (Адам ұрлау)бойынша қылмыстық істер тіркеді. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Іс бойынша төрт күдікті ұсталды. Олардың екеуіне үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды”, – делінген жауапта. 

Тергеу кезінде басқа адамдардың әрекеттерінен де Қылмыстық кодекстің 122-бабында (Көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау, сол сияқты көрінеу кәмелетке толмаған адам көрсететін жезөкшелік қызметті, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметті алу) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталған. Осыған байланысты облыстық полиция аталған баптың 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркеп, сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Прокуратура тергеу қорытындысы бойынша заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданатынын мәлімдеді.

Бұған дейін жәбірленуші тергеушілердің іс материалдарымен танысуға мүмкіндік бермегенін, құжаттарды оқымай тұрып қол қоюға мәжбүрлегенін айтқан еді. Алайда прокуратура бұл мәлімдемемен келіспейді.

“Іс бойынша жәбірленушінің заңды өкілі мен өкілі материалдармен толық танысты. Олар құжаттарға қол қойып, іс материалдарының көшірмелерін алды. Қазір Қылмыстық-процестік кодекстің 302-бабының талаптарына сәйкес, қосымша тергеу жүргізу үшін іс Қызылорда облысының полиция департаментіне жолданды”, – делінген хабарламада. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар