Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Халық әртісі Роза Рымбаева өміріндегі ең үлкен өкініші туралы айтты

Халық әртісі Роза Рымбаева өміріндегі ең үлкен өкініші туралы айтты
ашық дереккөз
Еліміздің жезтаңдай әншісі Роза Рымбаева екі баласының әкесіз өскеніне қынжылатынын жасырмады

Әнші  өзінің өнерде жүрген 42 жыл ішіндегі ең үлкен өкініші жарынан ерте айырылғаны екенін айтты.

"Ең үлкен өкінішім – Тасқынның өмір­ден ерте кеткені. Ұлдары көбірек іздейді. Ұлдарының жігіт болғанын көрмегені – жанымды ауыртады. Қанша қиындық көрдім, қажымай-талмай еңбек еттім. Сол қиындықтың бәрінен өту керек болды.

Алла да сүйген құлына сынақ береді екен. Бұл да маған берілген сынақ шығар. Ал концерттік сахна – ең киелі дүние. Той-томалаққа құр­меттеп шақырса ғана барамын. Тоймен күн көріп жүрген әнші емеспін.

Менің өнерімді жоғары бағалаған той иесі сол өнерім үшін ғана шақырады. Қиындық көрдім деп жа­сы­маймын. Асып-кеттім деп те тасымай­мын. Екі ұл тұрғанда әлі талай еңбек етуім керек. Со­лар үшін тырысамын, талпынамын. Бол­дым-толдым деген әртіс сонымен тоқтады деген сөз", - деді әнші.

https://www.instagram.com/p/BjJyU_YF1pU/?utm_source=ig_web_copy_link
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар