Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астананың құрбандық шалатын орындары белгіленді

Астананың құрбандық шалатын орындары белгіленді
ашық дереккөз
Елорданың төрт ауданында құрбандық шалатын орындар белгілі болды
Құрбан айт күндерінің басталуына бірнеше ғана күн қалды. Соған орай, Астанада айт мерекесінде құрбандық шалуға рұқсат берілетін орындар анықталды.
 Құрбан айттың бірінші күні елорданың барлық 9 мешітінде мерекелік "Айт намазынан" (басталуы сағат 7-00) бастау алады. Ал қазірде Астана қаласында негізгі құрбандық шалу орындары бекітілді. Мәселен Алматы ауданы бойынша: "Метро" сауда үйі (Астана-Қарағанды тас жолы). Байқоңыр ауданы: "Нұрбереке-555" ЖШС, Алаш шоссесі, 30 ("Көк Базар" базарының арты), "Есжанова А" ЖК, "Жайлау", Алаш шоссесі, Ц 313 көшесі, "Шаушен" ШҚ, "Астана-Павлодар" тас жолы 9 км, "Темеш" ШҚ, Астана – Софиевка тас жолы 7 км. Есіл ауданы: "Алтын-Таға" базары, Қосшы кентінің маңы Ал Сарыарқа ауданы бойынша: "Ұлжан" әмбебап базары, (бұрынғы "Саянұр" базары) мекен-жайларында құрбандық шалынатын болады. Сонымен қатар, "Құрбан айт" мерекесін атап өту күндері халыққа құрбандық шалу және тағы басқа өзекті мәселелер бойынша ақпараттандыру үшін тәулік бойы "2288" Call-center жұмыс істейді.
 
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар