Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Оңбай күйіп қалды: Қостанайда "фокус көремін" деген төрт жасар бала қазір ауыр халде жатыр

Оңбай күйіп қалды: Қостанайда "фокус көремін" деген төрт жасар бала қазір ауыр халде жатыр
ашық дереккөз
Федоровск ауданында Артем Логовчин бензин және отпен ойнаймын деп аяғын қатты күйдіріп алды. Бүлдіршін қазір Қостанай облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр 

Оқиға 12 тамыз күні болды. Артемнің анасы оны жолдың ар жағында көрші тұратын балалармен ойнауға жіберді, ал өзі болса үйде омыраудағы баласымен қалды.

"Көрші 10 жасар ұл бала мен 4 жастағы қыз үйде жалғыз қалған. Үлкені "Сендерге фокус көрсетейін бе?" деп, жанып жатқан отқа шөлмектегі бензинді құйып жібереді. Сол кезде біздің ұлымыз дәл жанында тұрған.

Оттың жалыны баламның трикосына тиіп кетіп, өртене бастаған. Ол үйге жүгіргенше трико түгелдей өртеніп, шалбарының жартысы ғана қалған.

Көршіміз Артемді көріп, киімінен қалғанын шешіп алған", - деп Артемнің анасы Марина Логовчина еске алады.

Үшінші дәрежелі күйік шалған Артемді бірден Федоровскінің орталық аудандық ауруханасына жеткізген.

Алайда аудандық ауруханада жөнді көмек бере алмаған соң, анасы оны Қостанайға алып кетіпті.

Қазір бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Алда әлі тері ауыстыру операциясы күтіп тұр.

"Дәрігерлер әзірге ештеңе айтпайды. Балама қан жинап жатырмыз", - деді Марина.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар