Аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер мейрамда төрт күн демалады
Қазақстандықтар Жаңа жыл мейрамында төрт күн – 1 қаңтардан 4 қаңтарға дейін демалады. Бұл бұйрықты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дайындады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құжатқа сәйкес, 5 қаңтар жексенбі күні. Демалыс күнін 3 қаңтар, жұмаға ауыстырылады. Сонда бес күн жұмыс істейтіндер 1-нен 4 қаңтарға дейін демалады. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 1-нен 3 қаңтарға дейін демалатын болады.
«Демалыс күндерін ауыстыру жұмыс уақытын оңтайлы бөлуге және азаматтардың демалуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді», - деп есептейді Еңбек министрлігі.