Биыл біріңғай уақыт белдеуіне орай қазақстандықтар Жаңа жылды алғаш рет бір уақытта қарсы алады
Теміртаулық Аяз ата қазақстандықтарға біріңғай уақыт белдеуінің жақсы тұстарын айтты. Ол ел тұрғындарының барлығын бір уақытта құттықтап шығуға уәде берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ, бүкіл қала және ауыл болып Жаңа жылды алғаш рет үлкен отбасы болып бір уақытта қарсы алатынымызды ерекше атап өтті.
«Құрметті достар, бұл жолы мүлдем уайымдамай-ақ қойсаңыздар болады. Мен бәріңді құттықтап үлгеремін. Қарағанды, Алматы, Атырау, Орал біздің барлық қалалар мен ауылдар болып Жаңа жылды үлкен отбасы болып бір уақытта қарсы аламыз. Уақытты дұрыс қолданып, қайырымды іс жасайық», - деді Аяз ата.