Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Қытайда өткен әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды
- автор kyn.kz
- 21 маусым, 2026
- 675
54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз финалда Италия спортшысы Сирине Чараабимен қолғап түйістірді. Қарсыласы әлем чемпионаттарының екі дүркін жүлдегері саналады.
Жекпе-жек барысында Назым барлық раундта сенімді өнер көрсетіп, төрешілер шешімімен 4:1 есебінде басым түсті. Осылайша қазақ боксшысы жарыстың алтын жүлдесін иеленді.
Финалға дейін Қызайбай бірнеше мықты қарсыласын жарыс жолынан шығарды. Алғашқы кезеңде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, оңтүстіккореялық Им Э Джиді 4:1 есебімен жеңсе, ширек финалда Польша өкілі Виктория Рогалинсканы 5:0 есебімен ұтты. Ал жартылай финалда Таиланд боксшысы Натнича Чонгпронгклангтан 3:2 есебімен басым түсті.
Еске салсақ, Назым Қызайбай өткен жылы Астанада ұйымдастырылған әлем кубогында 48 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанған еді.
Президент Еуроодақ басшыларымен келіссөздер өткізеді
Ұқсас жаңалықтар
Елордада «Болашақ ойындары» аясындағы Дүниежүзілік фиджитал саммиті басталды
- авторkyn.kz
- 29 шілде, 2026




